Атақты футболшы сыйақыдан қағылды
«Пари Сен-Жермен» клубы Неймарға 5 миллион еуро сыйақы төлеуден бас тартты. Бұл туралы UOL хабарлайды, деп жазады Prosports.kz
Шабуылшы екі шартты орындаған жағдайда: FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншыларының қатарына енсе (бұл үшін ол үш миллион еуро алуы тиіс еді) және өзін тәртіпті, әрі үлгілі ұстаса (екі миллион еуро) осыншама сыйақыға кенелер еді..
Нәтижесінде Неймара The Best марапатына үміткерлер қатарында болмады, сонымен қатар ол жаттығуларға кешігіп келіп жүрген. Сондықтан ПСЖ бразилиялыққа бес миллион еуро төлемеу туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, 18 шілде күні ПСЖ Неймарды сатуға шешім қабылдады. Талантты ойыншыны «Барселона» мен «Ювентус» өз қатарларынан көргілері келеді деген сыбыс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или