Кахабер Цхададзе: Чехиядағы гол бүгін бізге кері әсерін тигізді
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе «Младе Болеславқа» қарсы матч жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Ең бірінші кезекте, бүгін бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жеңіске жетіп, қуаныш сыйлағымыз ақ келді. Ойынымыз үшін ұяламыз дей алмаймын. Еуропада «Ордабасы» өзің жақсы қырынан көрсете алды. Матч туралы айтар болсам, сақ болуға қанша тырыссақ та бірінші болып гол жібердік. Жоспардың бәрін құртты. Футболшылар қобалжи бастады. Чехиядағы тең нәтиже де бүгін кері әсерін тигізді. Шәкірттерім гол жібермеу ең маңыздысы деп ойлады.
Екінші таймда асықтық. Соның салдарынан бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмадық. Дегенмен, жігітттерге рахмет. «Младе Болеслав» - жоғарғы деңгейлі команда. Футбол - тек жеңістен тұрмайды. Қиын сәтте футболшыларды қолдау керек. Әлі алда чемпионаттағы матчтар бар - деді грузиялық бапкер.