«Стяуа» бапкері «Ордабасымен» кездесуді қаламайды
Румыниялық «Стяуаның» бас бапкері Богдан Андоне «Ордабасымен» матч үшін Қазақстанға ұшып келгісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Gazeta Sporturilor-ге сілтеме жасап.
«Қашықтықты ескерер болсақ, «Младамен» ойнау жеңілдеу болар еді. Қазақстанға сапарымыз төрт күнді алатын шығар. Бұл қазіргі жағдайды қиындатып жібереді», - деді Богдан Андоне.
Айта кетейік, бүгін түнде «Стяуа» армениялық «Алашкертке» қарсы ойнайды. Бірінші матчта румыниялықтар 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Ордабасы» да бүгін Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчын өткізеді. Қарсыласы - чехиялық «Млада-Болеслав». Чехиядағы алғашқы ойында матч 1:1 есебімен аяқталған болатын. Қарымта кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или