Йозеф Вебер: «Ордабасы» - мінсіз команда
Чехиялық «Млада-Болеслав» клубының бапкері Йозеф Вебер Еуропа лигасының екінші іріктеу турында не күтетіні туралы айтты
«Ордабасы» команда ретінде мінсіз көрінеді. Ойыншыларға келер болсақ, 99 (Алексей Щеткин) нөмірлі шабуылшыны, сондай — ақ жартылай қорғаушы мен клубтың қақпашысы деп айта аламын. Қауіп осы ойыншылардан келері сөзсіз», дейді қонақ команданың бас жаттықтырушысы. Вебер «арық айтып, семіз шыққысы» келетіні анық. Не болса да ертеңгі матч кімнің мықты екенін көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» бірінші ойынында алғашқы болып есеп ашты. Қарымта матч ертең, 1 тамыз күні Шымкентте өтеді және Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или