Шпилевский: «Қайраттың» академиясы теңдессіз
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері беларус басылымы «Трибунаға» сұқбат берді. Prosports.kz сол материалдан алматылық клуб президенті Қайрат Боранбаев пен клубтың инфроқұрылымы жайлы айтылған үзіндіні назарларыңызға ұсынады.
- Бресте(«Динамо-Брест») балалар футболы жайлы көп айтайды. «Қайраттың» академиясы мен инфроқұрылымы біздегі, Беларусиядағы клубтардан несімен ерекше?
- Оларда Еуропадағы ең үздік академиялардың бірі бар. Маған сенсеңіз болады. Себебі, осыған дейін Германияда тұрдым. Барлық академияларды көрдім. «Қайратпен» тек, «Бавария» және «Ред Булл» тайталаса алады. Балалар үшін барлық жағдай жасалған. Әрі қарай даму үшін де мықты мамандар керек. Қайрат Советұлы клубқа өз ісінің шеберлерін ғана шақырады. Тек солай ғана болашақты қалыптастара аламыз. Бәрін төменнен бастау керек екенін ол кісі жақсы түсінеді. Бұл істе ол Беларуссияға ғана емес, Ресейге де үлгі бола алады. <span> </span>