Әлем футболы

Қарызға батқан Роналдиньоның дүние-мүлкі тәркіленді

Қарызға батқан Роналдиньоның дүние-мүлкі тәркіленді
news-banner7
mobile-news-top

Порту-Алегре соты қарызын өтей алмаған «Барселонаның» экс-ойыншысы Роналдиньоның паспортын алып қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2015 жылы бразилиялық футболшыға тыйым салынған жерде құрылыс салып, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 2 млн доллар айыппұл төлеуді міндеттеген еді.

Сонымен қатар, экс-футболшының 57 жеке меншік заттары тәркіленді. Оны басқа да кредиторлар ұстай алмай жүрген көрінеді. Роналдиньо оларға 1,7 млн доллар қарыз.

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатының прокуратурасы Рональдиньоның шотында небәрі 6 еуро ғана қалғандығын анықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер