«Астана» жанкүйерлері «Таразға» қарсы кездесудің үздігін анықтады

«Астана» жанкүйерлері «Таразға» қарсы кездесудің үздігін анықтады

«Астана» Премьер-Лига аясында«Таразға»қарсы ойнап, 4:0 есебімен тас-талқан етті. Осы ойыннан кейін жанкүйерлер клубтың Вконтакте желісіндегі парақшасында кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.

Сауалнама қорытындысы бойынша елорда шабуылшысы Фирмин Мубеле үздік атанды. Клубтың жаңа ойыншысы аталмыш кездесуде гол соғып, еншісіне нәтижелі пас жазды. Ол жанкүйерлер тарапынан 45,17% дауыс жинады.

Екінші орында Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы ойынның екінші бөлігінде алаңға шыққандығына қарамастан, гол соғып, әрі нәтижелі пас беріп үлгерді.

Үздік үштікті дубль авторы атанған Рангело Янга қорытындылады.

Үздік бестік:
1.Фирмин Мубеле 45,17%
2.Марин Томасов 15,98%
3.Рангело Янга 15,75%
4.Ненад Эрич 7,62%
5.Дмитрий Шомко 4,69%
Дауыс беруге 1 771 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или