Ротариу: «Санта Коломаға» қарсы ойынға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет

Ротариу: «Санта Коломаға» қарсы ойынға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет

«Астана» Премьер-Лига аясында «Тараз» командасын қабылдап,4:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында елорда командасының жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу клубтың баспасөз қызметіне кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- «Таразға» қарсы кездесуде жақсы ойын үлгісін көрсетіп, қажетті голдарды соға алдық. Ендігі бар ойымыз бейсенбі күнгі «Санта Коломаға» қарсы ойында. 

- «Санта Колома» алғашқы ойыннан кейін қандай әсер қалдырды?

- Жақсы команда. Бірақ біз алғашқы ойынды ұмытып, алдағы кездесуге толықтай дайын болуымыз қажет. Андоррадағы кездесудің басым бөлігінде біз шабуылдадық. Үйдегі ойында да допты өз бақылауымызға алып, қажетті нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін.

- Андорралықтарға қарсы қарымта кездесуден не күтесіз?

- Ойын оңай болмасы анық. Егер біз өзімізге тән ойын үлгісін көрсетер болсақ, бәрі жақсы боларына сенемін. Біз алдағы ойынға үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіспіз.

- Бүгін сенің туған күнің. Ойын соңында жанкүйерлер сыйлық сыйлайды деп күттің бе?

- Мен жанкүйерлердің құттықтауы, маған деген махаббаты үшін үлкен алғыс айтамын. Мен өз ойыныммен олардың сенімін ақтаймын деп ойлаймын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или