Роналду мен Макгрегор көрші тұрады

Роналду мен Макгрегор көрші тұрады

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жақын арада Испанияның Марбелья қаласынан вилла сатып алады, деп жазады Prosports.kz.

<span>Төрт жатын бөлмесі бар салтанатты вилла 1,3 миллион фунтқа бағаланған. Бұл шамамен 1,6 миллион доллар. Бұл нысан Жерорта теңізінің жағалауындағы «Ла Ресина» гольф-клубының аумағында орналасқан. </span>

<span>Вилла аумағында гольф алаңы, жеке спорт залдары, кинотеатр мен шексіздік бассейні бар.</span>

Роналду сатып алған вилла

Роналду сатып алған вилла

<span>Айта кетерлігі, дәл осы жерде ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегордің де тұрғын үйі бар. Конордың сәулетті сарайы 15 млн фунт тұрады. Осылайша, спорт әлемінің екі алыбы көрші атанғалы отыр. </span>

<span>Тағы бір айта кетерлігі, 34 жастағы португалиялық футболшы қазірдің өзінде жалпы бағасы 27 млн фунтқа жететін жылжымайтын мүлікке иелік етеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или