«Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысы мансабын аяқтады

«Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысы мансабын аяқтады

«Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншыларының бірі Патрис Эвра мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

<span>38 жастағы қорғаушы «Манчестер Юнайтед» сапында сегіз жыл өнер көрсетті. «Қызыл сойқандармен» бірге бес мәрте Англия чемпионатын, үш мәрте Лига кубогын, төрт рет Англия Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, Еуропа чемпиондар лигасының да жеңімпазы атанды.</span>

<span>Франциялық футболшы МЮ сапынан кеткен соң «Ювентуске» ауысты. Әрі онда екі рет Италия чемпионатын және Италия кубогын ұтып алды.</span>

<span>Ал оның соңғы доп тепкен жері англиялық «Вест Хэм» командасы болды.</span>

<span>Сонымен қатар, Эвра Франция ұлттық құрамасында 81 ойынға қатысқан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или