«Астана» - «Санта Колома» матчына грузиялық төрешілер қазылық етеді

«Астана» - «Санта Колома» матчына грузиялық төрешілер қазылық етеді

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Астана» - «Санта Колома» матчына төрешілер тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойынға грузиялық төрешілер қазылық жасайды. Атап айтқанда, бас төреші - Георгий Круашвили. Оған қос қапталдан отандастары Леван Варамишвили мен Георгий Эликашвили көмектеседі. Ал төртінші төрешісі – Алеко Аптисаури. 

Айта кетейік, 33 жастағы маман жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Черногория – Қазақстан арасындағы кездесуге төрелік еткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или