Селюк: Гогуа ЦСКА немесе «Локомотивте» ойнауға дайын
Агент Дмитрий Селюк Ресей Премьер-лигасының үшінші турында «Спартак» қақпасына гол соққан «Тамбовтың» қорғаушысы Седрик Гогуаның келешегі туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Оның деңгейі - Англия Премьер-лигасындағы мықты клубтардың бірінде негізгі құрамда ойнауға жетеді, - деді Селюк «<span>Советский спортқа</span>» берген сұқбатында. - Мен «Манчестер Юнайтедте» доп тебетін Эрик Байиді өте жақсы білемін. Ал Гогуга одан нашар ойыншы емес. Егер өз чемпионатымыздан алып қарасақ, Седрик қазір ЦСКА немесе «Локомотивте» ойнауға дайын. Бұл командалар сатып алған Звонимир Шарлия немесе Мурило точно Гогуадан мықты емес».
Айта кетейік, Гогуа «Қайрат» сапында бір жыл өнер көрсеткен еді. Бірақ негізгі командада ойнай алған жоқ, тек Бірінші лигада өнер көрсетті.