Дінмұхамед Қашкен: Клуб сапына қайта оралғаныма өте қуаныштымын

Дінмұхамед Қашкен: Клуб сапына қайта оралғаныма өте қуаныштымын

Дінмұхамед Қашкен соңғы уақытта қазақстандық жас ойыншылардың арасында қызу талқыға түсіп, есімі жиі аталып жүрген ойыншылардың бірі.19 жастағы қорғаушы өз күшін шет елдерде сынап, Испания мен Францияда қаралымда болды. Дәл қазір Дінмұхамед Отанға оралып,«Астана-М» командасының қатарын толықтырды.

Қашкен кәсіби футболшы ретіндегі жолын алғаш бастаған клуб сапына орала салып, «Ақтөбе-Жас» командасына қарсы кездесуде алаңға шықты. Осы кездесу туралы Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы клубтың баспасөз қызметіне өз ойымен бөлісті:

- Кездесу оңай болған жоқ, табиғи алаңа ойнадық. Ойын барысын бақылауда ұстап, көп гол соғатын мүмкіндіктер болды. Алайда, кездесу аяқталар тұста бұрыштамадан көтерілген допты қарсылас ойыншылары голға айналдырып кетті. Жалпы алғанда, жаман ойын көрсеткен жоқпыз. Екінші айналымды жеңіспен бастағымыз келген. Бүгінгі ойында ұпай жоғалтқанымыз өте өкінішті болды. 

- Екі жылдан кейін команда құрамына қайта оралдың. Қандай сезімдесің?

- Кәсіби футболшы ретіндегі жолымды алғаш бастаған команда құрамына қайта оралғаныма қуаныштымын. Мен барлығын білемін, олар да мені таниды. Сондықтан, бейімделу тұрғысынан ешқандай қиындық болған жоқ. Ал ойынға келер болсам, өз қалағанымдай болмады. Себебі, біз бүгінгі кездесуде ұпай жоғалттық. Жалпы алғанда, команда құрамында талантты жас ойыншылар жинақталған. Олардың болашағы жарқын боларына сенімдімін. Одан бөлек, маған сенім артып, команда құрамына шақырған Василий Васильевич Марунякқа ерекше алғыс білдіремін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или