Павлодарда жағажай футболынан Еуразиялық лига өтеді
2-4 тамызда орталық жағалауда жағажай футболынан Еуразиялық лиганың кезеңі өтеді. Бұл туралы облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы мәлім етті.
<span>- Павлодар қаласындағы орталық жағалау Еуразиялық лиганың 3-ші кезеңін қабылдайды, - дейді басқармада. – Турнирдің бұл тобында 5 команда бақ сынайды. Павлодарлық «Арман» командасымен қатар, Томск қаласынан «ТГК» мен «Алтай Соккер» командалары, Новосібірден «Джокер» және Бердскіден «Кровь и песок» командалары жарыс жолына шықпақ. Алғашқы ойын 2 тамыз күні сағат 18:00-де «Джокер» мен «ТГК» командалары арасында өтпек. </span>
<span>Еске салайық, павлодарлық «Арман» командасы Еуразиялық лиганың биылғы маусымын жеңіспен бастаған болатын. Барнауылда өткен 1-кезеңде 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.</span>