Александр Меркельдің командасы қарсыласының қақпасына жауапсыз 5 гол соқты
Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Меркель өнер көрсететін голландиялық «Хераклес» командасы «Хельмонд» клубымен жолдастық матч өткізді.
Александр Меркельдің командасы қарсыласының қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Ал қазақстандық футболшының өзі бұл матчқа қатысқан жоқ.
Айта кетейік, Меркель өткен маусымда Голландия чемпионатында 34 матч өткізіп, екі нәтижелі пастың авторы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или