ЕЛ. Қазақстандық клубтардың қарымта матчтары нешеде басталады

ЕЛ. Қазақстандық клубтардың қарымта матчтары нешеде басталады

Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы қарымта матчтары бір уақытта өтеді.

1 тамызда елорда уақытымен 20:00-де екі матч өтеді: Нұр-Сұлтанда «Астана» андорралық «Санта-Коломаны» қабылдайды, ал Шымкентте «Ордабасы» мен чехиялық «Млада-Болеслав» командасымен кездеседі. Ал 20:30-да Алматыда «Қайрат» өз алаңында израильдік «Хапоэль» (Беэр-Шева) командасымен күш сынасады.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық клубтар сырт алаңда өткен алғашқы матчтарында жеңіске жете алмаған еді: «Астана» 0:0 есебімен тең түссе, «Ордабасы» өз матчын 1:1 есебімен аяқтаған. Ал «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или