«Реал» «Атлетикодан» жеті гол жіберді

«Реал» «Атлетикодан» жеті гол жіберді

Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік дерби өтіп, «Реал» «Атлетикодан» ірі есеппен ұтылды.

51-минутқа дейін «Атлетико» «Корольдік клубқа» жауапсыз алты гол тоғытып тастаған. Артынша «Реал» есеп айырмасын сәл қысқарта алғанымен, ірі жеңілістен құтыла алмады. Қорытынды есеп – 3:7.

Бұл ойында Диего Коста покер жасап, артынша қызыл қағаз алып кетті. Ал «Реалдан» Дани Карвахаль қуылған. Костадан бөлек, «Атлетико» сапында Жоау Фелиш, Витоло мен Анхель Корреа көзге түсті.

Ал «Реал» сапынан Начо, Карим Бензема мен Хавьер Санчес гол соқты.

«Реал» – «Атлетико» 3:7

ГолдарНачо, 59, Бензема, 85 (пенальтиден), Санчес, 89 – Коста, 1, 28, 45, 51, Фелиш, 8, Корреа, 19, Витоло, 70.

«Реал»Куртуа (Навас, 46) – Одриосола (Карвахаль, 46), Рамос (Санчес, 62), Начо, Марсело (Бэйл, 62) – Модрич (Кубо, 62), Кроос, Иско (Родриго, 62) – Винисиус (Лукас Васкес, 46), Йович (Бензема, 30), Азар (Де Ла Фуэнте, 62).

«Атлетико»Облак – Триппьер (Муньос, 66), Савич (Фелипе, 66), Эрмосо (Монтеро, 66), Лоди (Санчес, 66) – Фелиш (Витоло, 66), Сауль (Эррера, 66), Коке (Льоренте, 66), Лемар (Санабрия, 66) – Коста, Мората (Корреа, 13).

ЕскертулерИско, Начо – Сауль.

Алаңнан қуылдыКарвахаль, 65 – Коста, 65.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или