Стоилов мәскеулік команданы баптайды
Жақында мәскеулік «Динамоның» тізгінін Курбан Бердыев немесе Станимир Стоилов ұстауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Ресей Премьер-лигасының алғашқы екі турындағы нәтижеге көңілі толмаған «Динамо» басшылары қазіргі бас бапкер Дмитрий Хохловты қызметінен қууға дайын. Егер келесі ойында жеңілсе орнын сөзсіз босатады.
Хохловты ауыстыруға негізгі үміткерлердің қатарында Курбан Бердыев немесе Станимир Стоилов бар.
Естеріңізге сала кетейік, қазір екі бапкердің де қолы бос. Бердиев «Рубиннен», ал Стоилов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткелі жұмыссыз жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или