«Қайрат» қауқарлық таныта алмады

«Қайрат» қауқарлық таныта алмады

Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Израильде беэршавалық «Хапоэльден» ұтылды, деп жазады Prosports.kz.

«Хапоэль» оныншы минутта Раде Дугаличтің қателігінен кейін, пенальтиден есеп ашты. 30-шы минут пен бірінші тайм соңына дейін, және екінші таймдағы алғашқы он бес минутындағы «Қайраттың» үздіксіз шабуылдары голға ұласпады. Ал, 63-ші минуттағы алаң қожайындарының шабуылшысы Эден Шамирдің нәтижелі соққысы алматылық ұжымның сағын сындырды. 

«Қайрат» пен «Хапоэль» арасындағы қарымта матч 1-тамыз күні Алматыда өтеді.

Еуропа лигасы. Екінші кезең. Алғашқы матч

«Хапоэль» Беэр-шева - «Қайрат» 2:0(1:0)

Голдар: Рамзи Сафури 10 пенальтиден, Эден Шамир 63 

«Хапоэль»: Шеткус, Биттон Б., Кельтенс, Мигел Витор, Кабха, Сафури, Марин, Гольдберг, Хасселбайнк, Шамир, Таа;

«Қайрат»: Покатилов, Ахметов, Сүйімбаев, Қуат, Жуков, Исламхан, Эсеола, Абикен, Вжесиньски, Дугалич, Миканович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или