«Ордабасы» қонақта чехиялық командамен тең түсті
Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» қонақта «Млада Болеславке» қарсы матчта тең есепті тіркеді, деп жазады Prosports.kz.
Матч алаң иелерінің шабуылымен басталды. Чехиялық команданың футболшылар бесінші минутқа дейін гол соғуды мақсат етіп шықса керек. Бірақ, Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Дмитрий Непогодов командасын бірнеше рет голдан аман сақтап қалды.
Қонақтардың 20-шы минуттан кейін ғана бас көтере бастады. Алғашқы қауіпті сәтті Кахабер Цхададзе жігіттері голға айналдырды. Шымкенттік команданың жартылай қорғаушысы Мирзад Механович айып соққысын сәтті орындап «Ордабасыны» есепте алға шығарды.
Күтпеген голды жіберіп алғаннан кейін «Млада Болеслав» Непогодовтың мазасын көп ала қойған жоқ. Алайда, үзіліс алдында бұл команданың үздік сұрмергені Николай Комличенко таразы басын теңестіріп кетті.
Ойынның екінші бөлігінде қос команда да жиі қателікке бой алдырды. Шабуылдарды нәтижелі аяқтай алмай жатты. Ашығын айту керек, матчтың соңында Непогодов «Ордабасы» үшін жақсы нәтижені сақтап қала алды.
Қарымта матч тамыздың 1-і күні Шымкентте өтеді.
Еуропа лигасы. Екінші кезең. Алғашқы матч
«Млада-Болеслав» - «Ордабасы» 1:1(1:1)
Голдар: Никоалай Комличенко 45+2 - Мирзад Механович 21
«Млада-Болеслав»: Шеда, Матейовски, Ладра, Мешанович, Комличенко, Губинек, Фулнек, Токач, Марко Тулио, Кржапка, Пудил;
«Ордабасы»: Непогодов, Малангу, Ерланов, Механович, Быстров, Диакате, Малый, Досмагамбетов, Фонтанельо, Жоао Пауло, Бадибанга.