«Астанада» доп тепкен ойыншы «Каспийге» ауысты

«Астанада» доп тепкен ойыншы «Каспийге» ауысты

Ақтаулық «Каспий» футбол клубы бірнеше ойыншылармен толықты.

Атап айтқанда, алдағы уақытта Данил Подымский, <span>Алмас Арменов, Арман Жагоров, Бағдәулет Конлимкос қатарлы ойыншылар «Каспий» сапында доп тебеді. </span>

<span>Данил Подымский - Алматы футболының түлегі, 2016 жылдан бастап елордалық клубтың жастар құрамасында ойнады. Сондай-ақ, шығыс қазақстандық «Алтай» сапында да өнер көрсетті.</span>

Алмас Арменов өткен маусымда «Байқоңырда» 28 матчқа қатысып, 3 гол соққан.

Арман Жагоров - 20 жастағы қақпашы, «Каспий» футбол клубының түлегі.

Багдаулет Конлимкос - 19 жастағы жартылай қорғаушы, бұл ойыншы да «Каспийдің» өз түлегі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или