«Санта-Колома» – «Астана» матчында есеп ашылмады

«Санта-Колома» – «Астана» матчында есеп ашылмады

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Санта-Колома» – «Астана» матчында есеп ашылған жоқ.

Бірінші таймда есеп ашылатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Оның ешқайсысы голға айналған жоқ. Ойынның екінші бөлігі де «Астананың» басымдығымен өтті. Біздің команданың гол соғатын екі мүмкіндігі туған еді. Дегенмен, оны тиімді пайдалана алған жоқ.

Қарымта ойын араға апта салып Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Еуропа лигасы. 2 іріктеу кезеңі. Бірінші матч

«Санта-Колома» (Андорра) – «Астана» (Қазақстан) 0:0

«Астана»: Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Марин Аничич, Евгений Постников, Лука Шимунович, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Роман Муртазаев және Дорин Ротариу шықты. 

«Санта-Колома»: Элой Касальс, Мойсес Сан-Николас, Хуанма Миранда, Андреу Рамос, Чус Рубио, Андре Азеведу, Педро Сантос, Марк Ребес, Чус Соса, Пи, Диего Нахера.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или