«Ертіске» Түркіменстан ұлттық құрамасының ойыншысы келді

 «Ертіске» Түркіменстан ұлттық құрамасының ойыншысы келді

Түркіменстан ұлттық құрамасының ойыншысы Руслан Мингазов павлодарлық «Ертіс» футбол клубына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ойыншы еркін агент ретінде ауысып келген.

Руслан мансабын өз елінің «Ашхабад» командасында бастаған. Одан бөлек, Латвияның «Сконто», Чехияның «Яблонец», «Славия», «Млада-Болеслав», «Пршибрам» командаларында доп тепкен.

Түркіменстан ұлттық құрамасында 20 ойын өткізіп, 4 гол соққан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или