Роман Григорчук: Қарсыласқа үлкен құрметпен қараймыз

Роман Григорчук: Қарсыласқа үлкен құрметпен қараймыз

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Санта-Колома» - «Астана» арасындағы алғашқы ойын алдында қазақстандық команданың бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

<span>- Бізде барлығы жақсы. Жол ұзақ болғанымен, одан ешқандай қиындық көріп тұрғаным жоқ. Демалып та үлгердік. Ертеңгі кездесуге толықтай дайын болу үшін қазір соңғы жаттығу жұмыстарын өткіземіз.</span>

- Команда Андорраға дейін өте ұзақ жолды артқа тастады. Бұл ойыншылардың фукционалдық дайындығына қаншалықты өз әсерін беруі мүмкін?

<span>-Бізге ұзақ жол туралы ойлаудың да қажеті жоқ деп ойлаймын. Біздің бар ойымыз ертеңгі кездесуде. </span>

- Сіздің осыған дейін андорралық командалармен жолыңыз түйісті ме?

<span>- Жоқ, бұл менің Андорраға алғаш келуім. Менің бар ойым ертеңгі ойынға тыңғылықты дайын болуда.</span>

- «Астана» ойынның фавориті. Ертеңгі ойын туралы не айтасыз?

<span>- Мен қай команданың фаворит екендігі жайлы мүлде пікір білдіргім келмейді. Қазір барлық командалар футбол ойнауды өте жақсы меңгерген, клубтар арасында айтарлықтай айырмашылық бар дей алмаймын. Біз чемпиондар жолында болғандықтан, өз елінде үздік шыққан ұжымдарға қарсы ойнап келеміз. Ал тек мықты командалар ғана чемпион атана алады. Осы жағдайды ескеретін болсақ, біз қарсыласқа деген үлкен құрметімізді білдіре отырып, маңызды ойынға дайындалып жатырмыз. Өзімізді ең мықты жағынан көрсетуге тырысамыз. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или