Қазақ баласы Роналдумен бірге алаң жиегінде ойынды тамашалады
Сингапурде өткен италиялық «Ювентус» пен ағылшындық «Тоттенхэм» арасындағы жолдастық кездесуде туриндік команданың қосалқы құрамының футболшылары отыратын жерде қазақ баласы Криштиану Роналдумен бірге матчты тамашалады.
14 жастағы бала күзетшілерден айналып өтіп, алаңға жүгіріп шығып, өзінің сүйікті футболшысы Роналдумен әңгімелесіп, кейін суретке түскен. Португалиялық футболшы қазақ баласына матчты аяғына дейін бізбен бірге көр деп те ұсыныс жасапты.

Айта кетейік, матч 3:2 есебімен «Тоттенхэм» пайдасына аяқталды. Шпорлардың жеңісті голын Харри Кейн алаңның ортасынан соққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или