19-тур несімен есте қалады
Премьер-лига командалары арасындағы 19-тур ойындары аяқталды.
<span>Жарыс кестесінде соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе», «Тараз» және «Атырау» командалары жеңіске жетті.</span>
<span>«Тараз» өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдады. 50-минутта «Тараздың» бразилиялық шабуылшысы Эливелто алғашқы голды соқты. 94-минутта «Жетісу» ойыншысы Никита Наумовтың қателігін шебер пайдаланған Абзал Таубай қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Тараз» сегіз ойыннан кейін жеңіске жетті. </span>
<span>Бұл турды «Атырау» мен «Ордабасы» командалары қорытындылады. «Атырау» шабуылшысы Исламнұр Абдулавов 74-минутта өз командасына жеңіс сыйлады. </span>
<span>Айта кетейік, соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайсарды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. «Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» 5:3 есебімен жеңсе, «Шахтер» өз алаңында «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.</span>