Рустам Темірхан: «Ақтөбенің» жеңісі әділетсіз дегендерді түсінбеймін

Рустам Темірхан: «Ақтөбенің» жеңісі әділетсіз дегендерді түсінбеймін

«Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Рустам Темірхан «Қайсарға» қарсы жеңісті ойыннан кейін Prosports.kz тілшісіне сұқбат беріп, матчтағы даулы эпизодтар жайлы өз ойын айтты. 

- Рустам, командаңыздың жеңісі құтты болсың! Ойын жайлы не айтасыз?

- Рақмет. Аптап ыстыққа қарамастан, матч жоғарғы дейгейде өтті деп ойлаймын. «Қайсар» чемпионаттағы мықты командалардың бірі. Бірақ өзімізге деген сенімнің арқасында жеңіске қол жеткіздік. 

<span>- Бапкерлер матч алдында қандай нұсқаулар берді? «Қайсардың» қай мықты-осал тұстарын атап өтті?</span>

- Әрине, әр ойынның алдында біз қарсылас команданы талдаймыз. Осал тұстарын пайдаланып, мықты жақтарынан сақтануға тырысамыз. Кешегі матчта бапкерлердің талабын дәл орындадық. Соның арқасында үш ұпай еншілеп отырмыз. 

<span>- Матч соңындағы даулы жағдай жайлы. Алаң иелері соңғы минуттарда гол соқпас бұрын сізге қарсы ойын тәртібі бұзылды. Голды есептемеу әділетсіздік дейтіндер табылып жатыр...</span>

- Матч соңында біздің айып алаңымызда болған эпизодқа келсек, ол жерде сөзсіз маған қарсы тәртіп бұзылды. Қарсылас команданың шабуылшысы менің допқа ойнауыма кедергі жасады. Қолымен бетімді тегістеп шықты деуге де болатын шығар. Ешбір ойыншы қарсыластың бетіне бармағының ұшын да тигізуге құқығы жоқ деп футбол заңында жазылған емес пе? Төрешінің шешімі дұрыс. «Ақтөбенің» жеңісін әділетсіз деп санағандарды да түсінбеймін. 

<span>- Бірінші таймда Асланбек Кәкімов симулация жасады деген айыппен сары қағаз алды. Алаңда болдың ғой, сол эпизодты көре алдың ба?</span>

- Егер, пенальти орындауы керек команда болса, ол - «Ақтөбе». Ол жерде Асланбекке қарсы тәртіп бұзылғаны айдан анық. Бастысы, үш ұпайды алдық. Жеңісіміз - әділ, маңдай термен келген нәтиже. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или