Қазақстандық футболшының клубы өз алаңында жеңілді
Қазақстандық жас ойыншы Жахонгир Ходжамов өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» өз алаңында турнир кестесіндегі бәсекелесі «Слуцкке» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz <span>тілшісі. </span>
Беларусь чемпионатының 16-тур матчы 1:0 есебімен аяқталды. Ходжамов бұл матчта негізгі құрамда ойнады.
16 турдан соң «Слуцк» Жахонгирдің командасынан үш ұпайға озып тұр. «Энергетик-БГУ» қазір 12-орында келеді.
Айта кетейік, бұл клубта тағы бір қазақстандық футболшы Владислав Васильев өнер көрсеткен еді. Ол жақында бресттік «Динамоға» ауысып кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или