Қазақстан жастар құрамасының ОҚЖ-ға қатысатын құрамы

Тамыздың 30-ы мен 5 қыркүйек аралығында Қазақстан жастар құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2015» іріктеу додасы аясындағы соңғы ойынын өткізбек. Бүгінде жастарымыз 9 ұпаймен «10» топтың үшінші сатысына мықтап орналасқан. Өз тобында тек Франция және Исландия құрамаларынан ғана артта. Бұл Қазақстан жастар құрамасының УЕФА-ның ресми додалары аясындағы ең жоғарғы көрсеткіші.

Жастар құрамамыздың аға бапкері Саулюс Ширмялис бұл жиынға барлығы 26 ойыншыны шақыртты:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер»), Станислав Павлов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы»), Марат Бутуев («Атырау»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Берік Шаихов («Жетісу»), Игорь Пикалкин («Астана»), Евгений Левин («Ақтөбе»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Калинин («Қайсар»), Георгий Жуков («Астана»), Алесандр Ульшин («Оқжетпес»), Абылайхан Тотай («Ертіс»), Роман Муртазаев («Шахтер»);

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Әлішер Сүлей («Тобыл»), Виталий Ли («Қайрат»);

Резервтегі футболшылар: Кирилл Пасичник («Оқжетпес»), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рауан Сариев («Жетісу»), Жақып Қожамберді («Тараз»), Қуаныш Бегалин («Ертic»).

Жиын барысында жастарымыз «Еуро-2015» іріктеу додасының аясында 4 қыркүйек күні елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтетін Францияға қарсы ойынға дайындалады. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:15-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или