«Ордабасы» Еуропа лигасының келесі турында чехиялық командамен күш сынасады

«Ордабасы» Еуропа лигасының келесі турында чехиялық командамен күш сынасады

Шымкенттік «Ордабасының» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Чехияның «Млада-Болеслав» командасы қазақстандық клубқа қарсылас атанды. Жетістіктерінің ішінен Чехия Кубогын екі мәрте жеңіп алғанын атап өтуге болады.

2006/07 жылғы маусымда УЕФА Кубогының топтық кезеңіне дейін жеткен. 

«Ордабасы» мен «Млада-Болеслав» командалары арасындағы алғашқы матч 25 шілде күні Чехияда, қарымта ойын 1 тамыз күні Қазақстанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или