Роман Григорчук: «Қайраттан» жеңіліп, Петрескуді босаңсыттық
УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы ЧФР Клуж - "Астана" арасындағы қарымта ойын алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп жазады Prosports.kz, клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
- Біз алғашқы ойын алдында румындық команданың мүмкіндігі қаншалықты екенінен білген едік. Ал қарымта кездесу алдында одан да көп ақпарат жинай алдық.

- Дан Петреску ертеңгі кездесуді өз мансабындағы ең қиын ойын екенін жеткізді. "Астана" командасы ЧФР Клуж үшін өте қиын қарсылас деген деген пікірмен келісесіз бе?

- Менің ойымша, Петреску футболда ештеңеден қорықпайды деп ойлаймын. Ол өз еңбек жолында көпті көрген маман. Ол алдағы ойынның маңыздылығы жайлы айтқан болар.

- Дорин Ротариу алдағы ойынға дайындалуға қаншалықты көмектесті?

- Біз футболшыларды ойын алдында басқа сұрақтармен мазалағанды жөн көрмейміз. Өзімізге қажет ақпаратқа Дориннің көмегінсіз де қол жеткізе аламыз. Дорин тек ертеңгі ойын туралы ойлауы қажет.

- "Астана" анық фаворит дей аласыз ба?

- Біз қазіргі жағдайда қарсыласпен бірдей деңгейдеміз. Себебі, көп футболшылар чемпионат аясындағы кездесулерде алаңға шыққан жоқ. Оған қоса, қарсылас команда өз жанкүйерлері алдында ойнайды. Бұл оларға қосымша көмек болары анық.

- Ойынның басталу уақыты туралы не айтасыз?

- Біз негізі бұл уақытта ұйқыға дайындалып жатамыз. Ертең, бәрі басқаша. Алаңға шығып, ойнауға тура келеді.

- Дан Петреску "Қайратқа" қарсы соңғы кездесуді қарағанын жеткізді. Бұл дұрыс шешім болды ма?

- Егер ол аталмыш кездесуді қарап, талдамаған болса, біртүрлі болар еді. Біз ол кездесумен Петрескуды аздап босаңсытып жібердік деп ойлаймын. Ол бізді осал команда деп ойлаған да болуы мүмкін.