Әлем футболы

Азар «Реалда» Бекхэм киген номермен өнер көрсетуі мүмкін

Азар «Реалда» Бекхэм киген номермен өнер көрсетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана «Челси» футбол клубынан «Реалға» ауысқан Эден Азардың әр қадамын жанкүйер қауым назарында ұстап отыр, деп жазады Prosports.kz.

«Корольдік клуб» бельгиялықтың қандай номермен өнер көрсететін әлі жариялаған жоқ. Соған қарамастан клубтың кейбір ресми дүкендері Азардың 7-ші номерлі жейделерін сата бастаған.

Бірақ Marca басылымының жазуынша, Азар «Реалlа» 23-ші номерді киюі мүмкін. Себебі, бұл номерді кезінде атақты Дэвид Бекхэм таққан.

Оның үстіне, Азар баскетбол ойындарының жанкүйері. АЛ NBA-да Майкл Джо́рдан, Леброн Джеймс секілді 23-ші номерлі ойыншылар бар.

Дәл қазір бұл номер бос. Өткен маусымда 23-ші номерлі жейдені киген Серхио Регилон жақында «Севильяға» жалға берілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер