Премьер-лигадағы дебютімді күтіп жүрмін - Рауан Орынбасар

Премьер-лигадағы дебютімді күтіп жүрмін - Рауан Орынбасар

«Жетісу» ойыншысы, Қазақстан U-21 құрамасының капитаны Рауан Орынбасар Prosports.kz тілшісіне сұқбат берді. 

- Рауан, «Жетісудің» Бірінші лигадағы көрсеткіші жаман емес, бірақ кейбір жеңілістер болмағанда одан да биік позицияға көтерілуге болатын еді...

- Алаңда неше түрлі болады. Бұл - футбол. Кейбір матчтарда жеңісті уыстан жіберіп алдық. Көшбасшылыққа шығуға жарақаттар себеп болды. Мықты футболшылар уақытша қатардан шығып қалған. Бірақ алда екінші айналым бар, әлі де жоғары көтерілеміз.

- «Ақжайыққа» қарсы матч алдында бапкер қандай талаптар қойып жатыр? 

- Қазір қарқынды жаттығу. Ойын таяғанда бапкер нұсқауын бере жатар. Оралға тек жеңіс үшін барамыз. 

- 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының капитанысың, «Жетісудің» екінші командасында тұрақты ойын көрсетіп жатсың, Огай неге сенім білдіріп басты командаға алмай жатыр? 

- Бұл сұрақты бапкерлер штабына қою керек сияқты. Солар жақсы біледі. Ал мен болсам өз жұмысымды жалғастырам және дамуымды тоқтатпаймын. Расын айтсам, Премьер-лигадағы дебютімді асыға күтіп жүрмін. 

- Қазір бас бапкер Александр Масколенконың қол астында жаттығу жасайсыңдар. Оның жаңашылдықтарымен U-21-дің ойын мәнері өзгерді ме? 

- Алекстандр Масколенко - білікті бапкер. ЕУРО-2020 аясындағы іріктеуде екі матч ұттық. Соның өзі көрсеткіш емес пе?! 

- Қайрат Нұрдаулетов сіз сияқты қорғаныс ойыншысы еді. Ұлттық құрамада сізге персоналды ақыл-кеңестерін бере ме? 

- Нұрдаулетов тек менімен емес, барлық ойыншымен сөйлесіп, ақыл айтып, тәжірибесімен бөліседі. Арасында ойыннан кейін жеке сөйлесетініміз бар. Тактикалық, техникалық білімін аямайды. Психологиялық тұрғыда мықты қолдау көрсете алады. 

- Астанада Еуропа біріншілігіне іріктеу болады. Осы турнир алдында өзіңді қалай қайрап жатсың, қай қырыңнан көзге түскің келеді?

- Жақсы ойынмен көзге түсуге тырысамын. Бірақ команданың жеңісі жеке амбициядан биік. Барша жанкүйерді қыркүйектің алтысы күні «Астана-Аренада» Испания құрамасына қарсы өтетін ойынға шақырамын.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или