«Арсенал» 80 миллион еуроға футболшы сатып алмақшы

«Арсенал» 80 миллион еуроға футболшы сатып алмақшы

«Арсенал» франциялық «Лилльде» ойнайтын Николя Пепе үшін 80 миллион еуро беруге дайын, деп жазады Prosports.kz.

Ивуарлық футболшыға қызығып жүрген топ-клубтар көп. «Бавария», «Челси», «Манчестер Юнайтед» секілді командалар Пепені өз қатарына қосқысы келетінін мәлім еткен болатын. 

Николя үшін лондондық «Арсенал» да таласып көрмек. Францияның белді басылымдары «Лилльге» 80 миллион еуро ұсынды деп хабарлап отыр. 

Айта кетейік, өткен маусымда Николя Пепе француз біріншілігінде 38 матчтың бәріне қатысып, 22 доп соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или