Зидан ағасының өмірден өтуіне байланысты «Реалдың» жиынынан кеткен
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан клубтың канадалық Монреальдағы жиынынан не үшін жедел түрде кетіп қалғаны белгілі болды.
Marca ақпараты бойынша, Зидан ойыншылар жаттығуға келе жатқан кезде кетіп қалған. Бапкердің команда сапына қашан оралатыны белгісіз.
Француз маманы ағасының өмірден өтуіне байланысты әйелімен бірге Испанияға оралды. Ол жоқ кезде команданы оның бірінші көмекшілері Давид Беттони мен Хамиду Мсайде жаттықтырады.
Айта кетейік, Зидан «Реалға» биыл наурызда қайта оралған болатын. Бұған дейін ол 2,5 жылдың ішінде Чемпиондар лигасын үш рет жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или