Неймар: Парижден кеткім келеді
ПСЖ шабуылшысы Неймар бразилиялық UOL басылымына берген сұхбатында клубтан кеткісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Парижден кеткім келетіні рас. Леонардоға бірінші жиынға келмейтінімді айтқанмын. Риодағы Red Bull ивентінде боламын деп жоспарладық, бұл мен үшін маңыздырақ.
Клуб басшылыы жақсы ұсыныс түссе, келіссөз жүргізе беруіме рұқсат етті. Андре Кури («Барселонаның» оңтүстікамерикалық футбол бойынша сарапшысы) Бразилияға ұшып келіп, әкеммен кездескен. Келіссөздер жүріп жатыр, бәрі жақсы аяқталады деп үміттенемін», - деді Неймар.
Айта кетейік, шетелдік БАҚ-тар бұған дейін Неймардың ПСЖ-дан кетіп, «Барселонаға» оралғысы келетінін жазған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или