Қазақстандық ойыншының командасы Бельгияның жоғары лигасына шыға алмады

Қазақстандық ойыншының командасы Бельгияның жоғары лигасына шыға алмады

Жақында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский ауысқан бельгиялық «Беерсхот» келесі маусымды екінші лигада өткізеді.

«Беерсхот» Жоғары лиганың жолдамасы үшін өткен плей-офф кезеңінде екі матч қорытындысы бойынша «Мехелен» (0:0, 1:2) командасына есе жіберіп, жолдамадан қағылды.

Өткен жылдың күзінде Бельгияның Корольдік футбол қауымдастығы (KBVB) <span>«Мехелен» келісілген матчтарға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен үшінші лигаға төмендедіп, оның орнына Жоғары лигаға «Беерсхотты» қосқан болатын. Алайда «Мехелен» бұл шешіммен келіспей, сотқа берген. 10 шілде күні Бельгияның спорттық арбитражды соты (BAS) Корольдік футбол қауымдастығының шығарған бұйрығының күшін жойды. </span>

Айта кетейік, маусым айының соңында Ян Вороговский «Қайраттан» кетіп, «Беерсхоттың» сапына қосылған болатын. Жас ойыншы жаңа командасының сапында «Дюфельге» қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или