Кахабер Чхетиани: Біздегі үміт жауапты ойында

Кахабер Чхетиани: Біздегі үміт жауапты ойында

«Торпедоның» бас бапкері Кахабер Чхетиани — «Ордабасымен» өткен ойынның нəтижесі жайлы.

— Біріншіден, «Ордабасы» командасын лайықты жеңісімен құттықтаймын! Біз Еуропа Лигасының іріктеуі жарысындағы үздік командалардың бірімен ойнадық. Біздің команда енді ғана тұрақталуда, жəне осындай деңгейдегі командаға қарсы ойнау біз үшін құрмет. Бірақ, бізде əлі екінші ойында пайдаланатын мүмкіндіктер бар. 

— Нəтиже сіздерді қанағаттандырады ма?

— Қазіргі жағдайда, бүгінгі нəтиже бізді қанағаттандырады, қарсыласта гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, бірақ олар пайдалана алмады, сондықтан біздің жауапты ойында үмітіміз бар. «Ордабасы» бүгін бізге ойлағанымыздай ойнауға мүмкіндік бермеген, бəсекелестікке қабілетті команда. Тек бір айтатыным, біздің команда əлі жас, футболшылар бір бірімен əлі ойнамады, бірақ менің оларға алғысым шексіз жəне біз жауапты кездесуде лайықты түрде өнер көрсетеміз деген сенімдемін. 

— Өткен баспасөз жиынында сіз «Ордабасының» ешқандай ойыншысынан қорықпаймыз деген болатынсыз. Қазір ше?

— Біз ешкімнен қорықпайтынымызды дəлелдедік.  

— Ал енді?

— Бұл туралы мен емес, аудармашы жауап қайтарды (күледі). Мен ешкімнен қорықпаймые, өлтіріп тастамайды ғой, біз тек футбол ойнаймыз (күледі). 

— Сіздерге бүгін не жетіспеді? Мүмкін ойыншылардың деңгейі əртүрлі шығар? 

— «Ордабасы» бізге қалағанымыздай ойнауға мүмкіндік бермеді. Бірақ бұл біздің жас команда екенімізді, футюолшылардың бір-бірімен дұрыс түсінісіп үлгермегенін аңғартады. Біз оларға ризамыз, жауапты ойыннан күтеріміз көп.  

— Қарсыластың қай ойыншысын ерекше атап өтер едіңіз? 

— Мен біреуді жекелей атауды мүлдем жақтырмаймын. Сіздің команда футболды жақсы ұжымдаса ойнады, бірақ мен өткен жылы бізге қарсы ойнаған Бадибанганы айта аламын, ол алаңға шыққаннан кейін, өте белсенді ойнады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или