«Широки Бриег - Қайрат» матчының тікелей трансляциясы
Шілденің 11-нен 12-не қараған түні Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында Боснияның Широки Бриег қаласында жергілікті «Широки Бриег» пен қазақстандық «Қайрат» командалары кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Алматылық «Қайрат» та еурокубоктағы өз жолын бастайды. Соңғы бес маусымда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде үздіксіз өнер көрсетіп жүрген отандық команда, бірінші кезеңнен сүрініп көрген емес.
Босниялық «Широки Бриегтің» қазақстандық ұжымдарға қарсы статистикасы жақсы. 2013/2014 маусымда «Ертісті», 2017/2018 маусымда «Ордабасыны» осы турнирдің іріктеу кезеңінен шығарып тастаған еді.
«Широки Бриег» - «Қайрат» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Ойынды тікелей эфиде МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или