Setanta Qazaqstan Ағылшын Премьер-Лигасын көрсетеді

Setanta Qazaqstan Ағылшын Премьер-Лигасын көрсетеді

Setanta Qazaqstan телеарнасы футболдан Англия чемпионатының көрсетілімдерінің құқығын алдағы үш маусымға (2019/2020, 2020/2021 және 2021/2022) қайта иеленді.

2019 жылдың 9 тамызында әлемнің ең танымал футбол турнирі – Ағылшын ПремьерЛигасының кезекті маусымы басталады. «Манчестер Сити», «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль», «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» сияқты үздік клубтардың, сондай-ақ басқа да ағылшындық командалардың ойындары апта сайын Setanta Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде алдағы үш маусымда назарға ұсынылады.

Англия біріншілігінің қазіргі чемпионы «Манчестер Сити» 2019 жылдың мамырында 6-шы рет жоғарғы дивизиондағы жеңісін тойлады. «Ситидің» кезекті жарқын жетістігіне 2016 жылдың қыркүйегінен бастап АПЛ-дың ойындарын тікелей эфирде ұсынып жүрген Setanta Qazaqstan телеарнасының көрермендері куә болды.

Сондай-ақ, Ағылшын Премьер-Лигасының маусымы бастау алар қарсаңында Setanta Qazaqstan чемпионаттың 4 ұжымы қатысатын «Азия Трофи» (The Premier League Asia Trophy) ойындарын көрсетеді. «Манчестер Сити», «Ньюкасл Юнайтед», «Вест Хэм» мен «Вулверхэмптон» шілденің 17-сі мен 20-сы аралығында Қытай Халық Республикасында өткізілетін турнирде маусымға дайындықтарын пысықтайды.

Setanta Qazaqstan басқа да спорт дисциплиналарын назардан тыс қалдырмайды. Арна шілденің 12-сі мен 14-і аралығында FIFA 19 симуляторы бойынша киберфутболдан үшінші рет орын алатын Республика чемпионатын ұйымдастырады. 32 үздік киберспортшы бақ сынайтын турнир Алматы қаласында «Форум» ойын және сауда орталығында өтеді. Чемпионаттың жүлде қоры – 2 000 000 теңгеден көп.

Setanta Qazaqstan телеарнасы Setanta Sports және Setanta Sports + арналарымен бірге SETANTA телеарналарының қатарына енеді. Қазақстандағы Setanta Sports және Setanta Sports + арналары әлемнің үздік спорт жарыстарын көрсетеді. 2019 жылдың тамызында Испания (Ла Лига), Италия (А сериясы), Германия (Бундеслига) және Франция (Лига 1) футбол чемпионаттарының трансляциялары бастау алады. Ал қазан айында NBA (баскетбол) және NHL (хоккей) жарыстарының көрсетілімдері спорт жанкүйерлеріне жол тартады. Сондай-ақ, қазақстандықтар тікелей эфирде UFC (аралас жекпе-жек), Формула – 1 (автожарыс) және басқа да спорттық шараларға куә бола алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или