Румыния футболының аңызы: Мұндай ойыншыларды алаңға қалайша шығаруға болады

Румыния футболының аңызы: Мұндай ойыншыларды алаңға қалайша шығаруға болады

Румыния құрамасының бұрынғы шабуылшысы Илие Думитреску Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өткен «Астана» — «ЧФР Клуж» (1:0) матчына байланысты пікір білдірді.

- Біздің футболшылардың жылдамдығы жоқ. Румынияда алаңда жүріп үйреніп қалған. Артық 7-10 келі салмағы бар мұндай ойыншыларды еурокубокта алаңға қалайша шығаруға болады? Чемпионатта білінбеуі мүмкін, бірақ осындай сәтте бәрі білініп қалады..., — деді Думитреску.

Айта кетейік, «Астана» мен «ЧФР Клуж» арасындағы қарымта матч 17 шілде күні Румынияның Клуж-Напоке қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или