Ресейге қазақстандық клубтар тек 2022 жылдан кейін қосылуы мүмкін
Ресей Премьер-лигасының президенті Сергей Прядкин чемпионаттағы командалардың санына көбейту туралы ұсыныс 2022 жылға шегертілгенін мәлімдеді.
- Біздің еліміздің аумағына қарап чемпионатта көп команданың ойнағанын қалаймын. Бірақ клубтардың қаржылық жағдайына да мән беру қажет. Әзірге біз бұған дайын емеспіз.
Гинердің шетелдік командаларды шақырту туралы бастамасы бойынша бірнеше мемлекеттердің тараптарымен сөйлесіп көрдік. Нәтижесінде екі тарап та әзірге бұған әзір еместігін байқадық. Чемпионаттағы командалардың санын көбейту туралы мәселе енді тек 2022 жылдан кейін қаралады», – деді Прядкин.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік шенеуіктер мен футбол клубтарының өкілдері Ресей чемпионатына көрші елдердің командаларын қосу туралы бастама жасаған болатын.