Эрич: Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз
«Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында Румыния чемпиондары ЧФР Клуж командасына қарсы ойнайды. Осы кездесу алдында елорда командасының капитаны Ненад Эричтің қатысуымен баспасөз жиыны өтіп, елорда капитаны журналистердің сұрақтарына жауап берді:
- Баршаңызға қайырлы күн. Біз іріктеу кезеңін ертең өз алаңымызда Румыния чемпиондары ЧФР Клуж командасына қарсы кездесумен бастаймыз. Қарсылас команда өте мықты ұжым. Біз жанкүйерлерді барынша қуантып, сырт алаңдағы ойынға уайымсыз бару үшін, алғашқы ойында жақсы нәтижеге жетуге тырысатын боламыз. Әрине, ойын оңай болмасы анық. Дегенмен, біз жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.
- Соңғы уақытта командада бірнеше сәтсіз ойындар болды. Ол кездесулердің нәтижесі ертеңгі ойынға өз әсерін беруі мүмкін бе?
- Иә, біз чемпионат аясындағы бірнеше кездесуде ұпай жоғалтып алдық. Дегенмен, соңғы «Тобылға» қарсы кездесуде жеңіске жету арқылы, Чемпиондар Лигасына жақсы көңіл-күйде келдік. Команда ертеңгі ойынға барынша дайын.
- «Астана» командасының өз алаңындағы ойындарында ерекше аура бар. Соңғы уақыттағы ойыншылардың көп ауысуынан кейін, жеңісті аура осы маусымда сақталып қалды дей аласыз ба?
- Футболдағы өмір сондай. Ойыншылар әрқашан өзгеріп отырады. Алайда, сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін. Өз алаңымыздағы ойында жанкүйерлердің маңызы біз үшін өте жоғары. Ертең олардың саны әдеттегідей көп болады деп үміттенемін.