Еркебұлан Сейдахмет «Широки Бриегке» қарсы ойнамайды
Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын өткізу үшін Босния және Герцеговинаға аттанды, деп жазады
Алматылық клубтың ойыншылары мен бапкерлер алқасы Боснияның Мостар қаласына ұшты. Команда сол қалада «Широки Бриегке» қарсы матчқа дайындалады.
Боснияға аттанған «Қайрат» ойыншыларының тізімі:
Қақпашылар:<span> </span>Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко;
Қорғаушылар:<span> </span>Дино Миканович, Сергей Кейлер, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев;
Жартылай қорғаушылар:<span> </span>Айбол Әбікен, Исламбек Қуат, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский, Еркебұлан Тұңғышбаев, Небойша Косович, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Исламхан;
Шабуылшылар:<span> </span>Вячеслав Швырев, Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.
Айта кетейік, «Широки Бриег» - «Қайрат» матчы 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні елорда уақытымен сағат 01:00-де басталады.