УЕФА: Аргентина құрамасын шақырғанымыз туралы ақпарат жалған
УЕФА өкілдері Аргентина құрамасы енді Ұлттар лигасында ойнайтыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Аргентина құрамасы УЕФА аясындағы турнирлерге қатысушы, сондай-ақ ұйымынң мүшесі атануға ұсыныс алды деген ақпарат жалған. Бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізген жоқпыз.
Соған қарамастан УЕФА достық белгісінде Аргентина құрамасын арнайы қонақтар ретінде шақырады», - делінген УЕФА мәлімдесінде.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Аргентина футбол федерациясына Ұлттар лигасына қатысуға ұсыныс жасағаны хабарланған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или