ФОТО. «Қайсар» португалиялық клубтың ойыншысын жалға алды
Қызылорда «Қайсар» 24 жастағы Конго құрамасының бұрынғы ойыншысы Андре Букияны жалға алды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
Record.pt порталының мәліметінше, қызыордалық клуб португалиялық «Арукидің» жартылай қорғаушысын осы жылдың желтоқсан айына дейін жалға алған.
Transfermarkt тұжырымы бойынша ойыншының құны 275 мың фунтқа бағаланып отыр.
Еске сала кетейік, Букия 2015-2017 жылдары аралығында Португалияның жоғары лигасында 22 матчқа қатысып, бір гол соққан.<span> </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или