Урош Витас: «Бұл жеңістен кейін екі есе қарқынмен жұмыс жасау керек»
«Еrtis» футбол клубының қорғаушысы, «Оқжетпеске» қарсы ойындағы екі голдың авторы Урош Витас матч жайлы пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz, «Еrtis» футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.
-Көптен күткен жеңіс! Қандай күйдесің?
-Көптен бері жанкүйерлеріміз жеңістен дәмелі еді, бірақ, сөзімен сенсеңіздер, команда бұл жеңісті ерекше, тағатсыздана күткен. Алаңда, трибуналардан көрінгендей, барлығы оңай емес. Сол себепті, біз бұл біздің еңбек, жұмысымыздың жемісі деп білеміз. Осы уақыт бойы командаға қолдау көрсетіп, қиын сәтте бізге сенім артқан жанкүйерлерге алғыс айтамын.
-Сен голдарыңды өз жақындарыңа арнаған сияқты болдың. Олар стадионда болды ма?
-Иә, дәл солай. Бір қызығы, менің жұбайым мен кішкентай қызым стадионға қолдау көрсетуге келгенде, ойыным әлдеқайда жақсы болады. Енді оларды команданың әрбір ойынына алып жүретін сияқтымын (күледі). Иә, екі голды да соларға арнаймын. Стадиондағы таңғажайып атмосфераға бөленіп, бұл сәттің қызығын менімен бірге бөліскендеріне қуаныштымын.
Бұл жеңіс командаға жағымды әсер етіп, қайтадан күресе бастаймыз деген сенім мол. Кестеде мүмкіндігінше жоғары көтерілу үшін барымызды саламыз. Матчта команда көрсеткен мінез, әрбір ойында болуы тиіс. Бұл жеңістен кейін екі есе қарқынмен жұмыс жасау керек, сол кезде жағдайымызды түзей аламыз.