Бүгін Америка кубогының жеңімпазы анықталады

Бүгін Америка кубогының жеңімпазы анықталады

Америка кубогын турнир қожайындары Бразилия мен Перу сарапқа салады, деп жазады Prosports.kz.

Қос команда осы турнирдің топтық кезеңінде жолыққан еді. Ол кезде Перу бразилиялықтардан жауапсыз бес доп өткізген болатын. 

Ширек финалда Перу турнир фавориттерінің бірі Уругвайды жарыс жолынан шығарған еді. Ал, 1/2 финалда өткен турнирдің жеңімпазы Чилиді тоқтатқан болатын. 

Бразилия болса, 1/4 финалда Парагвайды матч соңынан кейінгі пенальти сериясынан ғана ұтты. Жартылай финалда Месси бастаған Аргентинаны үйлерлеріне қайтарды. 

Бразилия мен Перу арасындағы матч елорда уақыты бойынша 02:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или