Роман Муртазаев: Ойын өте қиын болды
«Астана» Премьер-Лиганың кезекті туры аясында сырт алаңда қостанайлық «Тобылды» 2:0 есебімен жеңді. Ойын соңында елорда командасының шабуылшысы Роман Муртазаев кездесу туралы пікірімен бөлісті.
- Бүгін өте қиын ойын өрбіді. Қарсылас команда гол соғатын мүмкіндіктерін сәтті пайдалана алмады. Олар өз мүкіндіктерін пайдаланғанда, ойын басқаша өрбіген болар еді. Сәттілік біздің жағымызда болды.
- Бас бапкер екінші таймда алмасуыңызды сұрағаныңды айтты. Ойын жылдамдығы әсер етті ме?
- Әрине, аздап шаршау болды. Оған қоса жасыл алаңдағы шөп өте биік болғандықтан, тез шаршадық. Дегенмен, біз ең бастысы қажетті үш ұпайға қол жеткіздік. Бізге қателіктермен көп жұмыс жасау қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или