Моуриньо «Гуанчжоу Эвергранд» ұсынысынан бас тартты
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас бапкері Жозе Моуриньо отбасылық себептеріне байланысты қытайлық клубты жаттықтырудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz <span>сайты. </span>
Моуриньо былтырғы желтоқсаннан бері жұмыссыз жүр. «Манчестер Юнайтедте» ол жылына 15 млн фунт стерлинг тапқан болатын. Ал «Гуанчжоу Эвергранд» 56 жастағы маманға одан әлдеқайда көп сома ұсынған.
Келіссөздерден кейін Жозе ұсыныстан бас тартты, себебі Қытайға көшу отбасына ұнай қоймайды деп шешкен. Португалиялық маман мүмкіндік болған жағдайда, клубтық футболға оралуды жоспарлап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или